10 күн ішінде бюджетке тексеріс жүргізіледі: Бектенов салық кодексін қайта жазуды тапсырды
0
307
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов үкіметте өткен кеңесте бюджет шығыстары толығымен экономикалық табыс әкелуге бағытталып, өнімсіз шығыстар толығымен жойылуы керектігін атап өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Қаржы министрлігі 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқартуы тиіс. Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек", — деді Олжас Бектенов.
Cонымен қатар Бектенов Салық кодексінің жобасын қайта жазып, оның философиясын өзгерту қажеттігін атап өтті.
"Сарапшылар мен бизнес қоғамдастықтарының пікірлерін ескеру қажет. Салық кодексі бизнестің белсенді болуына жағдай жасап, оны ұлғайтуға ынталандыруы керек", — деп тапсырды ол.
Бектеновтің айтуынша, құжатты дайындау кезінде әкімшілендіруді толық цифрландырып, салық жеңілдіктерін беру мәселесін реттеу қажет.
Жалпы премьер-министр бизнеске фискалдық шығындар мен әкімшілік жүктемелерден қорықпай, "өсу" қағидаты бойынша жұмыс істеу үшін тиімді жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
*
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
19.12.2025
22:42
"Әрбір тағдыр – үлкен хикая": Димаштың үндеуі ж...
19.12.2025
22:25
"Кешіріңіздер": Елімізде тағы бір блогер қамалды
19.12.2025
22:17
Баян Алагөзованың күйеуі өзге әйелмен көзге түсті
19.12.2025
21:40
"Қарсы шыға алмадым": Света Айтбаева отбасына қ...
19.12.2025
19:30
"Өз арманымды орындаймын": Гүлзира Айдарбекова ...
19.12.2025
19:24
Әнші Жазира Байырбекова жаңа түскен келінін көр...