Тоқаев ҰҚК төрағасын ауыстырды

Тоқаев ҰҚК төрағасын ауыстырды
Коллаж: Politico.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қызметінен босатып, оның орнына Марат Ирменовті тағайындады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2022 жылғы қаңтардан бері басқарып келген.

Көп ұзамай Ақорда ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалғанын хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Марат Ирменов кім?

Марат Ғатаұллаұлы Ирменов – ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры. Ол 2025 жылғы қазаннан бері ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.

Жаңа төраға 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы ҰҚК институтын, ал 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын бітірген.

Еңбек жолының басым бөлігін ұлттық қауіпсіздік органдарында өткізген.

1996–2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызметтер атқарған. Ал 2000–2025 жылдары осы салада түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2019 жылы Президент Жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атағы берілген.

Марат Ирменов II дәрежелі «Даңқ» орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Сондай-ақ ол – ҰҚК-нің құрметті қызметкері.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу