Мақпал Жүнісова анасының 90 жас мерейтойын атап өтті
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова анасының 90 жасқа толған мерейтойын дүркіретпей, ең жақын туыстарының ортасында атап өтті. Отбасылық қуанышты сәттерден түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.
Әнші Instagram парақшасында анасын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады:
«15 қараша — біздің анамыздың туған күні. Арамызда болғаныңызға Аллаға мың шүкірлер, ғасыр тойыңызды көрсек арман жоқ. Алла қолдасын, анашым!» — деп жазды өнер иесі.
Кадрларға қарағанда, мерейтойлық кеш өте қарапайым әрі жылы атмосферада ұйымдастырылған. Дастарқан басында өнер жұлдыздары емес, тек әулеттің жақындары жиналған.
Кеш барысында мерейтой иесінің немере-жиендері ортаға шығып, ән айтып, өнер көрсетіп, әжелеріне ерекше музыкалық тарту жасады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.11.2026
11:36
Мақпал Жүнісова анасының 90 жас мерейтойын атап...
16.11.2026
11:25
Тоқаев ҰҚК төрағасын ауыстырды
16.11.2026
10:51
Таиландқа барған қазақстандық белгілі дәрігер к...
16.11.2026
10:14
Өрттен бір отбасының үш қызы қаза тапты
16.11.2026
09:53
Миына ота жасалған ер адам екі жылдан бері адам...
16.11.2026
09:35
Сенаттан кеткен Мәулен Әшімбаев көпшілік алдына...