«10 мың доллар деген не?»: Қуат Хамитов Айдос Сұлтанғалиға көбірек сыйақы беруді ұсынды

22.09.2025 12:25 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
«10 мың доллар деген не?»: Қуат Хамитов Айдос Сұлтанғалиға көбірек сыйақы беруді ұсынды
0
411
Фото: instagram.com/kazwrestling_official/©

Қазақстандық ММА файтер Қуат Хамитов грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғалидың 2025 жылы Загребте өткен әлем чемпионатында тарихи «алтын» жеңіп алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Белгілі файтер спортшыға берілетін сыйақы көлеміне наразы болды. Бұл - Қазақстанның XXI ғасырдағы грек-рим күресінен алғашқы алтын медалі.

«Адам тарих жасады, оған барлық футболшылардың бір айлық жалақысын беріңдер, 10 мың доллар деген не? Бұл - тарих, алло! Әлем чемпиондарына берілетін сыйақы туралы заңды өзгерту керек!», - деп жазды Хамитов Instagram-дағы kzsports аккаунтында.

Айта кетейік, Сұлтанғалиға дейін қазақстандық балуан соңғы рет грек-рим күресінен 26 жыл бұрын әлем чемпионы атанған еді. 1999 жылы Афинада (63 келіге дейін) «алтынды» Мхитар Манукян иеленген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий