Тұрғын үйде болған жарылыстан кейін жеті адам із-түссіз жоғалып кетті, олардың үшеуі — бала

Тұрғын үйде болған жарылыстан кейін жеті адам із-түссіз жоғалып кетті, олардың үшеуі — бала
Фото: ТАСС

Грузия астанасы Тбилисидің Поничала ауданындағы тұрғын үйде газ жарылып, оқиға салдарынан жеті адам хабар-ошарсыз кетті. Із-түссіз жоғалғандардың арасында үш бала бар. Қазір құтқарушылар оларды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға орнына жеткен Грузия Ішкі істер министрі Сулхан Тамазашвили журналистерге мән-жайды баяндап, тұрғындардың қауіпсіз жерге көшірілгенін мәлімдеді:

«Тұрғылықты жерін анықтау мақсатында жеті адамды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар із-түссіз жоғалғандар қатарында, арасында үш бала бар. Тұрғындар эвакуацияланды», — деді министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы жарылыстан зардап шеккен төрт адамның барлығы медициналық мекемеге жеткізілгенін, алайда олардың біреуінің жағдайы ауыр екенін атап өтті.

Айта кетейік, Поничала ауданындағы үйде жарылыс бейсенбі күні таңертең болған. Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайға пәтерлердің бірінен газдың шығуы себеп болған. Бастапқыда үш адамның жарақат алғаны хабарланғанымен, кейінірек елдің Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендер саны төртке жеткенін нақтылады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу