100 рет отырып-тұру жаттығуын жасатқан: оқушы мұғалімнің жазасынан кейін көз жұмды
Үндістанның Махараштра штатында 12 жастағы мектеп оқушысы мұғалімнің жазасынан кейін көз жұмды. Ол сабаққа 10 минут кешіккені үшін 100 отырып-тұру жаттығуын жасаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ NDTV басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 қарашада Үндістанда Балаларды қорғау күні атап өтілетін күні болған. Бұл күні мектептерде оқушыларға ерекше қамқорлық таныту дәстүрге айналған.
Алтыншы сынып оқушысы Каджал Гонд жазаны орындағаннан кейін-ақ беліне қатты ауырсыну кіргенін айтқан. Қыз үйіне қайтып келген соң жағдайы күрт нашарлай бастаған. Оны алдымен жергілікті ауруханаға, кейін Мумбайдағы арнайы клиникаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Каджалдың отбасының айтуынша, ол жаттығуды орындап жатқан кезде арқасында ауыр мектеп сөмкесі болған, бұл ауырсынуды одан сайын күшейткен.
Оқиға ата-аналар мен жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын тудырды. Белсенділер кінәлілерге қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
23:12
“Қоңырау шалып, қорқытқан”: Алматыда әйелді ұза...
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...