13 жасар қызды зорлады деген күдікпен СҚО тұрғыны ұсталды

03.07.2026 17:05 Әсел МҰРАТ
13 жасар қызды зорлады деген күдікпен СҚО тұрғыны ұсталды
298

Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысында 40 жастағы тұрғын 13 жасар қызды түні бойы ұстап, зорлаған деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға 1 шілдеде болған. Сағат 18:00 шамасында 13 жастағы қыз дүкеннен шығып кеткен. Сол кезде көрші ауылдан келген ер адам оған жақындап, мотоциклмен жүруді ұсынған. Қыз келіскен.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар қызды түні бойы іздеген. Таңертең ол ауылдың сыртынан табылған. Алдын ала ақпарат бойынша, күдікті шамамен 40 жаста.

Бұл жағдайға қатысты облыстық полиция түсініктеме берді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыртау ауданының тұрғыны қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", — деп жауап берді полициядан редакциямызға.

Полиция тергеу СҚО полиция департаментінің басшылығының бақылауында екенін жеткізді.

Войдите, чтобы оставить комментарий