17 жыл бойы іздеуде жүрген ер адам Алматыда 15 жылға сотталды

15.08.2026 14:30 Қарақат АСЫЛОВА
17 жыл бойы іздеуде жүрген ер адам Алматыда 15 жылға сотталды
271
Фото: bbc.com

Алматыда 2008 жылы жасалған кісі өліміне қатысы бар азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол қылмыстан кейін 17 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Бас прокуратураның мәліметінше, Юсупов есімді азамат адам өлтіруге көмектескені үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға 2008 жылғы 19 мамырға қараған түні Алматының орталығында болған. Юсупов пен оның серіктесі А. Коваленко жанжал болған ер адамға оқ атып, оның өліміне себеп болған. Осыдан кейін Юсупов шетелге кетіп, бөтен құжаттармен жүрген.

Ал оның сыбайласы Коваленко 2008 жылдың жазында Қапшағайда полиция қызметкерін өлтіру ісі бойынша ұсталған. 2009 жылы оған 23 жылдық жаза тағайындалған.

Юсупов «Кинг-Конг» лақап атымен де белгілі болған. Бұған қоса, ол Қырғызстанда 2007 жылы Бішкекте болған кісі өліміне байланысты іздеуде жүрген.

2025 жылдың тамызында Юсупов Литва шекарасында қолға түсіп, сол жылдың қарашасында Қазақстанға экстрадицияланған.

Алматы соты биыл шілдеде оны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған адам өлтіруге көмектескені үшін кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Войдите, чтобы оставить комментарий