18 тісін емдетпек болған 3 жасар қыздың өлімінен кейін стоматологиялар тексеріліп жатыр
Соңғы уақытта жеке стоматологиялық клиникаларда балалардың бірнеше тісін жалпы наркозбен бір мезетте емдеуге қатысты шағымдар көбейген. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова министрліктің ұстанымын түсіндірді, деп хабарлайды POLITICO.
Әлназарованвғ айтуынша, балаларды жалпы анестезиямен емдеу – қатаң медициналық көрсетілімдер бойынша ғана жүргізілуі тиіс күрделі медициналық емшара.
«Клиника жеке болсын, мемлекеттік болсын мұндай манипуляциялар үшін білікті анестезиологтың қатысуы, тиісті жабдықтардың болуы, анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек стандарттарын сақтау талап етіледі», - дейді Ақмарал Әлназарова.
Министр ел бойынша стоматологиялық ұйымдарға – барлығы 622 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Айтуынша, бүгінгі таңда 290 тексеру тіркелді, 135-і аяқталды, 103 – жұмыс барысында, 52 – тіркеуден алынған (клиникалар іс жүзінде жұмыс істемейді), 26 – тіркеу сатысында.
Өңірлердің прокуратурасы жіберген 316 нысанның ішінде 34 клиника МӘМС/ТМККК шеңберінде қызмет көрсетеді, 282 – тек ақылы негізде жұмыс істейді.
«Айта кетерлігі, жалпы анестезия – бұл «ыңғайлы опция» емес, ерекше сақтықты талап ететін күрделі араласу. Ұзақ наркоз және ауқымды бір мезгілде емдеу баланың жүрек-қантамыр, тыныс алу және жүйке жүйесі тарапынан асқыну қаупін арттыруы мүмкін.Өкінішке қарай жекелеген клиникалар ата-аналарға «барлық тісті бір ретте емдеп береміз» деген коммерциялық тұрғыдан қолайлы нұсқаны ұсынады. Алайда мұндай тәсіл тек нақты медициналық көрсеткіштер болған жағдайда, тексерумен расталған кезде ғана орынды», - делінген минист жазбасында.
Министр ата-аналарды ерекше мұқият болуға шақырды.
«Осындай процедураларға келісім бермес бұрын, тәуекелдер, көрсеткіштер және жүргізу шарттары туралы толық әрі ашық ақпаратпен танысу қажет. Баланың қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында тұруға тиіс – және Денсаулық сақтау министрлігі осы қағидатты қатаң түрде ұстанады», - деді Әлназарова.
Айта кетері, былтыр қазанда Астанада тіс емдетуге барған 3 жасар бала жекеменшік стоматологияда көз жұмды. Оның 18 тісін наркозбен емдеген, содан кейін ол оянбаған. Қазір сот өтіп жатыр.
Алматыда да бір бала тіс емдетуге барып көз жұмды.
Соңғы жаңалықтар