«20 жастағы қызым әлі бала»: Мөлдір Мұқан ерте тұрмысқа шығуды құптамайды
1892
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында ерте тұрмысқа шығуға қатысты өз ойын білдірді.
Мен қыздарымның тұрмысқа шығуына қарсы емеспін. Бірақ 16 жасында тұрмысқа шыққаны қиындау секілді. Бірақ әр адам өзінің маңдайына жазылған дүниені көреді. Қай жаста шықса да тек бақыт тілеймін. Ешқандай артық сөз айтпаймын. Біз емес ол мәселені талқылайтын. Ең бастысы, жастар бақытты болсын! – деп тіледі продюсер.Сонымен қатар ол өзінің қай жаста тұрмысқа шыққанын есіне алды.
Өзім 20 жасымда тұрмысқа шықтым. Үлкен қызым Әдемі 20 жасқа толды. Қарап отырсам, қызым әлі бала. Оның дене бетімі бойшаң, ірі болғанымен, ой-өрісі әлі бала. Оның кейде ойнап жүргенін көріп, «Қызым, мен сенің жасыңда тұрмысқа шыққанмын. 21 жасымда балалы болдым» десем, «Мама, мені асықтырмаңыз, қазір заман басқа» дейді. Балаларымның бақытты болғанын қалаймын, – деп ағынан жарылды Мөлдір Мұқан.Еске сала кетсек, таяуда ҚМДБ өкілдері әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызының некесін мешіт имамдары қимағанын мәлімдеген еді. Фото: instagram.com/moldir.mt
Соңғы жаңалықтар
05.07.2026
17:26
Болат Назарбаевтың өгей ұлы АҚШ-тағы зәулім үйд...
05.07.2026
16:21
Жезқазғанда былтыр ғана төселген асфальт бір жы...
05.07.2026
15:21
Маңғыстауда Бекет атаға бара жатқанда жоғалған ...
05.07.2026
14:13
Атырауда қала әкімінің міндетін атқарушы 100 мл...
05.07.2026
13:08
Бекет ата мешітіне жолға шыққан бір отбасының ү...
05.07.2026
12:16
Қазақстанның бас мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» ат...