2025 жылы бала туу және күтіміне арналған жәрдемақы мөлшері өзгерді
1609
Бала туғандағы жәрдемақы: 2025 жылғы жаңа мөлшер
Бала тууға және оны күтуге берілетін жәрдемақылар мен төлемдердің мөлшері белгілі болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жыл басынан бері 293,9 мың адам бала тууына және 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін төлемдермен қамтылған. Бұл мақсаттарға жалпы 299,8 млрд теңге бағытталған.
2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен бала тууына арналған жәрдемақыны 117 мың адам алды, оның жалпы сомасы 21,1 млрд теңгені құрады. Сәуір айында 30,5 мың адамға 5,5 млрд теңге төленген.
Жәрдемақы мөлшері
2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 6,5%-ға индекстелді. Қазіргі таңда жәрдемақы мөлшерлері келесідей:
- Бірінші, екінші, үшінші балаға: 38 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 149 416 теңге.
- Төртінші және одан кейінгі балаға: 63 АЕК немесе 247 716 теңге.
Бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы
1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:
- Бірінші балаға: 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге.
- Екінші балаға: 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге.
- Үшінші балаға: 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге.
- Төртінші және одан кейінгі балаға: 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
Соңғы жаңалықтар
04.07.2026
17:25
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Жүргізуші ...
04.07.2026
16:21
Respublica партиясында маңызды шешім: Айдарбек ...
04.07.2026
15:25
Екі тәулікте Қазақстаннан 3 тоннадан астам жана...
04.07.2026
14:09
«Өлтіремін деп қорқытқан»: Танымал қазақ боксшы...
04.07.2026
13:27
«Бірінші орынға шыққанда ғана…»: Бибісара Асауб...
04.07.2026
12:25
Қазақ журналистикасы қара жамылды: Белгілі қала...