Павлодарда ер адам автобус жүргізушісін соққыға жығып, бетіне бұрыш баллонын шашты
Павлодарда қоғамдық көлік жүргізушісіне шабуыл жасалды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ер адамның жүргізушіні соққыға жығып, кейін бетіне газ баллонын шашқаны анық көрінеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бейнебақылау кадрларына сәйкес, ер адам бойжеткенмен бірге автобус салонына кірген. Көп ұзамай оның жүргізушімен арасында жанжал туындап, жолаушы жүргізушіге жұдырық ала жүгірген. Жүргізуші қорғануға әрекет жасаған сәтте ер адам оның бетіне бұрыш баллонын шашып, серігімен бірге автобустан түсіп кеткен.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі жүргізушіні ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер оған көздің жеңіл дәрежелі химиялық күюі диагнозын қойды.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәлімдемесі:
- Емдеу-диагностикалық шаралардан кейін науқас тіркелген жері бойынша офтальмологтың амбулаториялық бақылауына жіберілді.
- Павлодар облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған фактіге қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.11.2026
21:19
Павлодарда ер адам автобус жүргізушісін соққыға...
17.11.2026
20:05
«Болашақтың ғылымы туралы әңгіменің құны көк ти...
17.11.2026
19:12
Алматыда жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылм...
17.11.2026
18:38
Ресейлік кәсіпкерлер Kaspi.kz арқылы тауар сату...
17.11.2026
18:04
Мектеп әжетханасында 10-дағы баланың зорланғаны...
17.11.2026
17:36
СҚО-да ер адам өзін өртеп жіберді, мұны көрген ...