Алматыда жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Алматыда жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды
Бейнеден кадр

Алматы қаласында қыз балаға қатысты жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасады деген күдікпен ер адам қолға түсті. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматы қаласының Алатау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардан алаңдатарлық хабарлама келіп түскен. Ата-аналардың айтуынша, олардың қызына қатысты шала таныс ер адам тарапынан заңсыз әрекет жасалған болуы мүмкін.

Түскен хабарламаға «Буран-127» патрульдік полиция экипажы жедел ден қойып, оқиғаға қатысы бар деген күдікті ер адамды ұстады.

Ұсталғаннан кейін күдікті өзіне қол жұмсауға әрекет жасап, дене жарақатын салған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу