2026 жылы үй бағасы: Жаңа үйлердің құны 17%-ға өсті

13.02.2026 11:55 Арман Ермеков
2026 жылы үй бағасы: Жаңа үйлердің құны 17%-ға өсті
66
Фото: depositphotos.com

2026 жылдың қаңтарында елімізде жаңа салынған және екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы инфляция деңгейінен айтарлықтай асып түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Halyk Finance талдаушыларының дерегінше жаңа үйлердің бағасы бір жылда 17 пайызға ал қайталама нарықтағы баспана құны 13,6 пайызға қымбаттаған. Бағаның өсу қарқыны бойынша Алматы мен Павлодар және Ақтөбе қалалары көш бастап тұр. Сарапшылар нарықтағы бұл қымбатшылықты қосылған құн салығының өсуі мен зейнетақы қорынан берілетін төлемдер және «7-20-25» бағдарламасы бойынша шекті соманың ұлғаюымен байланыстырады.

Пәтер жалдау құны да инфляциямен қатарласа өсіп бір жылда орташа есеппен 12,5 пайызға артқан. Жалдамалы пәтер бағасының ең үлкен өсімі Павлодар мен Петропавл және Ақтөбе қалаларында тіркелді.

Баға өскенімен үй саудасы керісінше бәсеңдеп қалған. Қаңтар айында республика бойынша барлығы 27,7 мың мәміле тіркелді және бұл өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда сауданың екі есеге азайғанын көрсетеді. Сауданың басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларында және Қарағанды облысында жасалған.

Сарапшылар биыл салық өзгерістері мен ипотекалық талаптардың күшеюіне және зейнетақы жинағын пайдалану шегінің өзгеруіне байланысты сұраныс төмендеуі мүмкін деп болжайды. Сонымен қатар 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа Құрылыс кодексі күшіне енгеннен кейін құрылыс салушыларға қойылатын талап пен қадағалау қатая түспек.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий