Алматы әуежайында жұмысшы көз жұмды
Алматы халықаралық әуежайында жұмысшы көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы жағдайға қатысты ақпаратты көлік полициясы растады.
Көлік полициясы басқармасының мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады көлік полициясындағылар.
Politico.kz тілшісі осы оқиғаның мән-жайын білу үшін Алматы әуежайының баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады. Алайда материал жарияланған сәтте әуежай тарапынан жауап болмады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
11:16
Алматы әуежайында жұмысшы көз жұмды
11.11.2026
11:09
«Қазақмыс» өндірісті жасанды интеллект арқылы б...
11.11.2026
11:05
"Неге олай жасадың?": ҚазҰУ жатақханасында қаза...
11.11.2026
10:59
Қазақстанда ғылымға бөлінген 51 млрд теңгенің қ...
11.11.2026
10:40
Танымал дизайнер Аида Кауменова қара жамылды
11.11.2026
10:35
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа ...