2-3 апта ішінде соққы жасап, Иранды «тас дәуіріне» дейін кері шегіндіреміз – Трамп 

02.04.2026 09:02 Әсел Мұрат
2-3 апта ішінде соққы жасап, Иранды «тас дәуіріне» дейін кері шегіндіреміз – Трамп 
229
Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол алдағы екі-үш апта ішінде АҚШ Иранға қуатты соққылар жасап, елді «тас дәуіріне» дейін кері шегіндіретінін мәлімдеді.

«Бүгін мен мынаны сенімді түрде айта аламын: біз жоспарға сай әрекет етіп отырмыз және таяу уақытта, өте жақын арада, Американың барлық әскери міндеттерін орындаймыз. Біз қарсыласқа аса жойқын соққы береміз. Екі-үш апта ішінде оларды тас дәуіріне дейін кері шегіндіруді көздеп отырмыз», — деді Трамп.

Сондай-ақ АҚШ президенті егер Иран ядролық нысандарын қалпына келтіруге әрекет жасаса, америкалық әскер қайтадан зымыран соққыларын беруге дайын екенін айтты.

«Егер біз олардың қандай да бір қадамға барғанын, тіпті сол бағытта қозғалыс жасауға талпынысын байқасақ, біз оларға тағы да аса қуатты зымыран соққысын жасаймыз», — деді ол.

Сонымен қатар Трамп АҚШ әскері әзірге Иранның мұнай инфрақұрылымына соққы бермегенін атап өтті.

«Біз олардың мұнай нысандарына соққы жасаған жоқпыз», — деді ол үндеу барысында.

Оның айтуынша, АҚШ мұндай қадамға бара алады. Президент қақтығыстың ең қиын кезеңі артта қалғанына сенім білдіріп, ендігі жағдайдың жеңілірек болатынын айтты.

«Бұл қақтығыс аяқталған соң, Ормуз бұғазы табиғи түрде қайта ашылады», — деп атап өтті Трамп.

Сондай-ақ ол Вашингтон мен Тегеран арасында келісім жасалмаса, америкалық әскер Иранның электр станцияларына бір мезгілде жаппай соққы беретінін ескертті.

«Егер келісімге қол жеткізілмесе, біз олардың барлық электр станцияларына өте қуатты, мүмкін бір уақытта соққы жасаймыз», — деді Трамп.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға соққылар жасай бастады. Қираулар мен бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны туралы хабарлар бар. Иран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарына соққы жасауда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий