290 млн теңге салықтан жалтарған қазақстандық Ресейде ұсталып елге қайтарылды

21.08.2026 11:02 Қанат Айбар
290 млн теңге салықтан жалтарған қазақстандық Ресейде ұсталып елге қайтарылды
172
Фото: Бейнеден алынған скрин

Қазақстанның Бас прокуратурасы 290 млн теңгеден астам салық төлеуден қашып, халықаралық іздеуде жүрген азаматты Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, бұл азамат 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры қызметін атқарған. Ол кірістер декларациясына бұрмаланған деректер енгізіп, мемлекетке ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарған. Жетіспейтін қаражат көлемі 290 млн теңгеден асады.

Осы қылмысты жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып үлгерген. Сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды. Биылғы қаңтар айында қашқын Ресейдің Краснодар қаласында құрықталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен ол жақында елге әкелінді.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Заңға сәйкес, оған тағылған қылмыс үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сонымен қатар ол белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе нақты қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылуы мүмкін.

Войдите, чтобы оставить комментарий