300 миллион теңге көлемде мұнай саудалаған күдікті елге экстрадицияланды

300 миллион теңге көлемде мұнай саудалаған күдікті елге экстрадицияланды
06.10.2025 09:49
0
56
Фото: Бейнеден кадр

БАӘ-ден 300 млн теңгенің мұнайын заңсыз сатқан күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстан азаматы елге жеткізілді. Ол мұнай өнімдерін заңсыз саудалады деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры қызметін атқарған. 2022-2023 жылдар аралығында ол Ақтөбе облысында бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, аса ірі мөлшерде мұнай сатумен айналысқан. Заңсыз сатылған мұнайдың жалпы сомасы 300 миллион теңгеден асқан.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін тергеуден жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

2024 жылы іздеудегі азамат Дубай қаласында анықталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл іске қатысты тағы бір маңызды жайт, осы қылмыстың сыбайласы 2024 жылы сотталып, бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Күдіктіге тағылған айып бойынша, оның мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий