«Қазақмыс» Шатыркөл байыту фабрикасының техника паркін жаңартып жатыр

«Қазақмыс» Шатыркөл байыту фабрикасының техника паркін жаңартып жатыр
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы

«Қазақмыс» корпорациясы Шатыркөл байыту фабрикасына төрт жаңа техника жеткізді. Жыл соңына дейін тағы үш көлік әкелу жоспарланған, деп хабарлайды Politico.kz.

Компанияның мәліметінше, фабрикаға бір бульдозер, екі Foton автокөлігі және бір жедел жәрдем көлігі берілген. Олар өндірістік жұмыстарға, жүк тасымалдауға және қызметкерлерге медициналық көмек көрсетуге пайдаланылады.

2026 жылдың соңына дейін кәсіпорынға вахталық автобус, тентті Foton жүк көлігі және манипуляторы бар КАМАЗ жеткізілмек.

Сонымен қатар фабрикада жұмысшыларға арналған жағдай жасалып жатыр. Кәсіпорын аумағында жөндеу шеберханасы, зертхана, өрт сөндіру депосы, жатақхана мен асхана жұмыс істейді.

Қызметкерлер өз күшімен аллея, субұрқақ-сарқырама және іс-шаралар өткізуге арналған сахнасы бар алаңды да абаттандырған.

«Қазақмыстың» хабарлауынша, техника паркін жаңарту өндіріс жұмысын жақсартуға және қызметкерлердің еңбек жағдайын қолайлы етуге бағытталған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу