Шымкентте жанармай тасығыш көлік аударылып, жүргізуші тірідей жанып кетті
Шымкенттегі Ташкент тасжолында жанармай тасығыш көлік аударылып, өртке оранды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қызыл жалын көлікті де, жолға төгілген жанармайды да шарпыған. Қайғылы оқиға салдарынан жүргізуші қаза тапты.
Тұран ауданындағы өрт туралы хабарлама жедел қызмет пультіне 18 қараша күні сағат 15:58-де түскен. Оқиға орнына жоғары шақырту рангі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді.
Құтқарушылар жеткен сәтте жанармай тасығыш пен төгілген отын толықтай жанып жатқан. Өрт 60 шаршы метр аумақта ауыздықталып, толық сөндірілді.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
11:56
Алматы облыстық соты Нұрсұлтан Жақсыгенге қатыс...
19.11.2026
11:44
Шымкентте жанармай тасығыш көлік аударылып, жүр...
19.11.2026
11:36
"Менің байымның соңынан аңдып...": Тұрсынбек Қ...
19.11.2026
11:02
«Соққыдан өлмеген»: Жаңатаста вокзалда төбелест...
19.11.2026
10:55
Кәсіпкер 10 жыл бұрынғы жақсылығы үшін Тұрсынбе...
19.11.2026
10:47
Құрылыс және тағы да құрылыс! Шетелдік БАҚ Тоқа...