​"Менің байымның соңынан аңдып...": Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі желідегі сөзін кімге арнағанын айтты

​"Менің байымның соңынан аңдып...": Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі желідегі сөзін кімге арнағанын айтты
Фото: instagram/t_a_d_d_s_

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жұбайы Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған атышулы стористеріне қатысты қайта мәлімдеме жасап, жазбаларының тек үзіндісін қиып алып таратқандарға ренішін білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, алдыңғы жарияланымдары нақты бір адамға бағытталмаған, тек өзінің жеке өміріне араласып, ғайбат сөз жазып жүрген хейтерлерге берілген жауап болған:

«Таң атпай неше түрлі нәрсе жазып тастапсыздар! Біріншіден, мен бұл стористерімді маған аузына келгенін құсып отырған адамдарға арнап жаздым. Оны анық жаздым. Мен ешкімге "сен сондайсың" деп нақты айтқан жоқпын. Ешкімді нысанаға алған жоқпын», — деп жазды ол.

Айман Талғатқызының сөзінше, өзіне күйеуі бар бола тұра, өзгенің отбасын аңдып, қаралап жазатын кейбір әйелдердің әрекеті ашуына тиген:

«Маған күйеуі бар бола тұра, менің байымның соңынан аңдып, жаман сөздер жазатын, мені қаралап жүрген қыздарға, "мен заңды әйелімін, сен сондайсың" деп шығатындарға, сондай-ақ ешқандай жетістігі де, мақсаты да жоқ, бар ойы біреудің жеке өмірін аңду болып кеткен адамдарға берген жауабым еді», — деді ол.

Сонымен қатар ол жазбаларының толық мән-мәтінін ескермей, бір бөлігін ғана жариялап, елді шатастырып отырғандарға наразылық танытты:

«Мұны келесі стористерімде де анық айтқанмын. Неге сөздің мән-мәтінін ескермей, толық стористерді салмай, тек бір жерін қиып алып, соны материал етіп отырсыздар? Менің ешкіммен жауласу ойым жоқ. Кімді қалай құрметтейтінімді де, өз орнымды да толық стористерімде жаздым», — деп түсіндірді Айман Талғатқызы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айман Талғатқызы өзін ешқашан біреудің көңілдесі немесе тоқалы санамайтынын, Тұрсынбек Қабатовпен бірінші күннен мешітке барып, шариғат жолымен неке қидырғанын мәлімдеген болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу