Кәсіпкер 10 жыл бұрынғы жақсылығы үшін Тұрсынбек Қабатовқа Умраға жолдама сыйлады

Кәсіпкер 10 жыл бұрынғы жақсылығы үшін Тұрсынбек Қабатовқа Умраға жолдама сыйлады
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Кәсіпкер Әділет Байнашев танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың он жыл бұрын өзіне жасаған жақсылығын еске алып, оған ризашылық ретінде қасиетті Умраға жолдама сыйлады, деп хабарлайды Politico.kz.

Әділет Байнашев әлеуметтік желідегі парақшасында өнер иесімен 2016 жылы танысқанын жазды. Алғашқы кездесуден-ақ ағалы-інілі болып араласып кеткен әзілкеш кәсіпкердің анасының тойын ешқандай ақы алмай, тегін жүргізіп беруге уәде еткен:

«2016 жылы Тұрсынбек ағамен танысқанмын. Танысқан күні сырласып, жақсы ағалы-інілі болып, 2017 жылы мамамның тойын басқарып беретін болып уәде берген. Әрине, тегін. Ол — Тұрсынбек Қабатов қой. Ойлаңыздаршы, 2016 жылы анамның тойы болатын күнді ағам өзі белгілеп, бір ауыз сөзім үшін арнайы келіп басқарып берген», — деп жазды кәсіпкер.

Әділет Байнашев арада он жыл өтсе де, әзілкештің сол кездегі адамгершілігін ұмытпағанын айтып, енді оның жақсылығына алғыс білдіруді жөн көргенін жеткізді:

«Алла қаласа, бүгін араға 10 жыл салып, сол жақсылығына өзімнің алғысымды білдірсем бе деп тұрмын», — деді Әділет Байнашев.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу