40 млн теңге үшін «ауыр» жүкке рұқсат берген: ҰҚК министрліктің шенеуніктерін ұстады

10.09.2026 10:43 Әсел МҰРАТ
40 млн теңге үшін «ауыр» жүкке рұқсат берген: ҰҚК министрліктің шенеуніктерін ұстады
301
Фото: видеодан скрин

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Биыл тамыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады.

Олар рұқсат етілген салмақ нормаларынан асатын жүктерді тасымалдаған көліктерпдің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында заңсыз әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер кәсіпкерлерден жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам материалдық сыйақы алған.

Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий