6 айлық ұлын өлтірген әке 15 жылға сотталды
Өзбекстанда 6 айлық сәбиін қатыгездікпен өлтірген 33 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kun.uz.
Қайғылы оқиға 2026 жылдың 9 қаңтарында болған. Демалғысы келген әкесі жылап маза бермеген ұлының дауысы шықпас үшін аузына шұлық тығып, туыстарының көзінше екі қолынан жұлқылаған кезде сәбидің басы диванның ағаш бөлігіне соғылған. Анасы баланы дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, сөйтіп ол 14 қаңтар күні ауруханада көз жұмды.
Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, сәби миына қан кетіп, тыныс алуы тоқтағандықтан шетінеген. Бастапқыда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша іс қозғалғанымен, кейін Хатыршы аудандық қылмыстық істер соты ер адамды дәрменсiз күйдегi адамды қасақана өлтiру бабы бойынша айыпты деп тауып, оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.11.2026
09:46
Есірткімен «күрескен» Асқар Жетігеновтің ісі қа...
12.11.2026
09:32
Сауд Арабиясының астанасына зымыранмен соққы жа...
12.11.2026
08:49
Нұрсұлтан Құрман қызметінен кетті
12.11.2026
08:23
«Құлағының бір бөлігін кесіп алған»: ШҚО-да әйе...
12.11.2026
08:00
70-тегі шал-кемпір АҚШ-қа көшіп, жаңа өмір баст...
11.11.2026
23:38
Павлодарда мектеп оқушысы террорлық шабуыл тура...