Сауд Арабиясының астанасына зымыранмен соққы жасалды
Йемендік хуситтер Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласындағы әуежайға зымырандық шабуыл жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
«Ансар Аллах» қозғалысының әскери өкілі Яхья Сарианың мәлімдеуінше, қарулы күштер Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға үш қанатты зымыранмен соққы берген:
«Біздің қарулы күштер Эр-Риядтағы Король Халид халықаралық әуежайына үш қанатты зымыранмен шабуыл жасай алды», — деді ол.
Сонымен қатар Яхья Сариа хуситтердің Янбу қаласы маңындағы мұнай инфрақұрылымына да ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасағанын жеткізді. Ол Сауд Арабиясы билігінің Мекке әуе кеңістігінде дронды атып түсіргені туралы ақпаратын жоққа шығарып, әскери операциялардың тек әскери базалар мен мұнай нысандарына бағытталғанын атап өтті.
Бұған дейін Мысыр елі Сауд Арабиясын хуситтерден қорғау үшін өз әскерін жұмылдыруға дайын екені хабарланған болатын. Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси Эр-Рияд тарапынан тиісті өтініш түскен жағдайда Қарулы күштерді пайдалануға парламенттен рұқсат сұраған.
Соңғы жаңалықтар