Нұрсұлтан Құрман қызметінен кетті
Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, мұндай шешімді өзі қабылдаған.
«Бүгін мен үшін маңызды кезеңдердің бірі аяқталып отыр. Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметіндегі жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл қызмет мен үшін үлкен жауапкершілікпен қатар, мол тәжірибе мен ерекше естеліктерге толы кезең болды. Осы уақыт ішінде отандық футзалдың дамуы жолында бірге еңбек еткен барша әріптестеріме, клуб басшыларына, жаттықтырушыларға, спортшыларға және жанкүйерлерге шынайы алғысымды білдіремін. Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Талғатұлына ерекше алғыс айтқым келеді. Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткені және бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Ортақ мақсат жолындағы әріптестігіміз мен үшін бағалы тәжірибе болды», – деп жазды ол.
Нұрсұлтан Құрман бұл қызметке 2025 жылы шілдеде тағайындалған еді.
Соңғы жаңалықтар