"980 мың теңге тұрады": Нұрбек Оралбай қымбат киінетінін айтты
761
Ағайынды боксшылар Нұрбек пен Айбек Оралбай Late night show бағдарламасына берген сұқбатында ең қымбат киімі туралы айтты.
Бағдарлама жүргізушісі Динара Сәтжан ағайынды боксшылардан ең қымбат киімі қанша тұратынын сұрады.
Менің ең қымбат киімім – шамамен 980 мың теңге тұратын аяқ киімім. Қазір айтсам мақтанғандай боламын, бірақ мұндай аяқ киім менде көп. Киім алсам қуанып, стрессті ұмытамын. Адамдардың бәрі сондай шығар деп ойлаймын. Мұсылман адам өзіне қарап, таза жүруі керек. Басқа ұлттың адамдарына өзінің қалай киінетінін көрсетіп, ең жақсы киіммен, ең жақсы көлікпен жүруі керек деп ойлаймын, - деп жауап берді Нұрбек Оралбай.Айбек Оралбай да киімдерінің ішіндегі ең қымбаты аяқ киімі екенін айтты. Оның бағасы шамамен 500 мың теңге тұрады екен.
Мен Нұрбек сияқты киінбеймін. Ол қолы босай қалса дүкен аралайды. Сауда үйіне кіріп кетсе ұзақ жүреді", - деді Айбек Оралбай.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
17:31
Маркетплейс сауда жасап үйретемін деп, миллионд...
10.10.2026
16:28
Ақтауда подъезде ұйықтап жатқан баланың суреті ...
10.10.2026
15:53
Жезқазғанда «Қазақмыс» жұмыскерлері 5 мыңға жуы...
10.10.2026
15:29
“100 грамм ішіп жібердім”: Әнші Argonya Қайрат ...
10.10.2026
14:31
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жек...
10.10.2026
14:03
Павлодарда колледж студенті сабақ кезінде үшінш...