Ақтауда "Жыл студенті - 2023" анықталды
421
28 қараша күні Ақтауда "Жыл студенті - 2023" облыстық студенттер байқауы өтті. Биыл "Жыл студенті" атағына Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің 3-курс студенті Ұлжан Абдрахман ие болды.
Байқауға қатысуға Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік оқу орындары, Ш.Есенов Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті студенттерінен 85 өтінім келіп түскен. Соның ішінде 10 жас үздік атанды.
Шара барысында Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай мемлекет тарапынан жастардың белсенділігін арттырып, шығармашылығын шыңдау мақсатында қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ байқауда топ жарған студенттерді құттықтап, арнайы дипломды табыстады.
Жүзден жүйрік шыққан студенттер қатарында Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің 3-курс студенті Ұлжан Абдрахман "Жыл студенті - 2023" атанды.
Ал «Үздік белсенді студент» аталымына Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Дархан Шаңытбаев, «Үздік өнерпаз» аталымына Маңғыстау туризм колледжінің студенті Алина Кулова, «Үздік суретші» аталымына «Бейнеу гуманитарлық колледжінің студенті Альбина Болатова, «Үздік спортшы» аталымына Есенов колледжінің студенті Шалқар Ақмолдаев, «Үздік ақын» аталымына Ш.Есенов атындағы КТИУ студенті Алшын Суемов, «Үздік мобилограф» номинациясына “Каспий” жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінің студенті Анжимха Коптлеуова, «Үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы» аталымы бойынша Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің студенті Мирас Көшен, «Үлгерімі бойынша үздік студент» аталымы бойынша Ш.Есенов атындағы КТИУ студенті Гулсая Булекбаева, «Үздік ерікті» аталымына Каспий өңірлік «Болашақ» колледжінің студенті Гүлназым Абенова ие болды.
Сонымен қатар Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева студенттерді қоғамдық шаралардан қалмай, үнемі ізденіс үстінде болуға шақырды. Белсенділік танытқан үздік жастарды марапаттады.
Жалпы облыстық байқаудың негізгі мақсаты - студент жастардың әлеуметтік әлеуетін арттыру және студенттік өмірге белсене араласатын жастарды, студенттерді, студенттік топтарды анықтау.
Салтанатты шараны Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен "Ақтау студенттер Альянсы" КҚ ұйымдастырды.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
12:22
Алматы облысында бір жыл бұрын жоғалып кеткен ә...
10.07.2026
12:08
Жол апатына ұшыраған полиция полковнигі қызметі...
10.07.2026
11:35
Қазақ әндерін балағаттаған көкшетаулық әйел қам...
10.07.2026
11:26
«Жәбірленуші сөйлегенде мәз болды»: судья Сәрсе...
10.07.2026
11:10
Антальяда көз жұмған қазақстандықтың ісіне қаты...
10.07.2026
10:56
Қазақ әдебиеті қара жамылды