Абай Бегей: Келін болған қызымды көріп көңілім бұзылды
Отандық танымал әнші Абай Бегей 16 жасындат тұрмысқа шыққан қызына терме арнап, елді жылатты. Өнер иесі перзенті екеуінің әсерлі сәтін желіде бөліскен.
Абай Бегей тұрмысқа шыққан соң, үйіне алғаш рет келген қызына терме арнады. Әнші ерекше отбасылық видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған.
"Келін болған қызымды көріп көңілім бұзылды. Танымайтын жат елдің, шайын құйып, сызылды. Көлегейлеп көзімді, көзімнен жасым үзілді. Еркелігі үйдегі елес боп көзге ілінді", - деп жырлады өнер иесі.
Желі қолданушылары әсерлі сәтке куә болып, әкесі мен қызына жылы лебізін білдірген.
"Абайдың қызына деген сағынышы осы термемен жетті", "Екі жас бақытты болсын!", "Өте дұрыс жазылған терме екен", "Күйеу бала алған қызын жылатпауы керек", "Қайта-қайта тыңдап, жылай бердім", – деп жазды оқырмандар.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
11:44
Шымкентте жанармай тасығыш көлік аударылып, жүр...
19.11.2026
11:36
"Менің байымның соңынан аңдып...": Тұрсынбек Қ...
19.11.2026
11:02
«Соққыдан өлмеген»: Жаңатаста вокзалда төбелест...
19.11.2026
10:55
Кәсіпкер 10 жыл бұрынғы жақсылығы үшін Тұрсынбе...
19.11.2026
10:47
Құрылыс және тағы да құрылыс! Шетелдік БАҚ Тоқа...
19.11.2026
10:12
«Қазақмыс» Шатыркөл байыту фабрикасының техника...