Абай облысында шахтада апат болды: адам шығыны бар

Абай облысында шахтада апат болды: адам шығыны бар
Фото: ашық дереккөз

Абай облысындағы Орлов шахтасында апат болып, бір жұмысшы мерт болды. Тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Шахтаның иесі KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан бір қызметкер қаза тапқан, тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

«Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Жан-жақты тергеу жүргізілуде», – делінген компания хабарламасында. 

Компания қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Облыстық полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу