Абай облысында сотталушы өзінің камераласын өлтірді

31.01.2026 18:12 Айсұлу Мұрат
Абай облысында сотталушы өзінің камераласын өлтірді
51
pixabay

Абай облысындағы қатаң режимдегі түзету мекемелерінің бірінде сотталған азамат өзімен бір камерада отырған тұтқынды өлтірді. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz

Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға максималды қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде болған. Екі сотталушы арасында жанжал туындап, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

Қақтығыс кезінде сотталғандардың бірі екіншісіне дене жарақатын салған. Алған жарақаты салдарынан жәбірленуші көз жұмды. Аталған факті бойынша “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мекемедегі жағдай тұрақты, — делінген ҚАЖК хабарламасында.

Сондай-ақ комитет өкілдері тергеу барысы ведомство басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Павлодарда колония басшысының бұрынғы жетекшісі сотталған болатын. Себебі оның бақылауындағы мекемеде бір тұтқын екі жыл бойы еркін өмір сүріп, интернет пайдаланған, моншаға барып, спортзалға жаттығып, басқа сотталғандарды қабылдап, тіпті мекеме қызметкерлеріне арналған асханада дастарқан жайған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий