Абай облысындағы шахтада алты жұмысшы зардап шекті
Абай облысындағы Орлов шахтасында жерасты лифті лезде тоқтап, салдарынан алты жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Politico.kz.
KAZ Minerals мыс өндіруші компаниясының хабарлауынша, оқиға 1 шілде күні болған. Бұл уақытта кеніш ішіндегі кабинада барлығы 15 адам болған екен.
Төмен түсіп келе жатқан лифттің тоқтатқыш бөлшектерінің бірі кенеттен іске қосылып кеткен. Соның салдарынан құрылғы бөгетке ілініп қалып, кілт тоқтаған.
Оқиғадан кейін алты кенші медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Тексеруден соң жеңіл жарақат алған үш жұмысшы үйіне қайтарылған. Қалған үшеуі Семей қаласындағы ауруханаға жеткізілгенімен, медициналық бақылаудан кейін олар да үйіне жіберілді. Қазір зардап шеккендердің барлығы амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Апаттың нақты неден болғаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары қатысатын арнайы комиссия тергеу жұмыстарын бастап кетті.
Компанияның мәлімдеуінше, бұған жүйедегі ақау, адами фактор немесе басқа да жағдайлар себеп болуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар