Әбдікәрімова басынан өткен қиындық отбасына қалай әсер еткенін еске алды

Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова басынан өткен қиындық балаларына да қатты әсер етіп, олар тіпті жиі сырқаттанып қалғанын жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесінің сөзінше, 170 миллион теңге тұратын баспанасынан айырылып қалған кезең отбасы мүшелеріне ауыр тиген.
2022 жыл. Басымнан аумалы-төкпелі кезең өтіп жатты. Менің күйім балаларға да әсер етіп, бірінен кейін бірі ауыра беретін. Табиғатымнан тұйықтау болдым ба, ешкімнен ашылып кеңес те, көмек те сұрай алмайтынмын. Білесіз бе, балалар кішірек кезде ауырып қалмаса екен деп уайымдайтын едім. Суықтап қалса қайтемін деп өзімнен-өзім қорқып жүремін. Ең қызығы, төртеуі де ауырып шығатын. Байқайсыз ба, қорыққан сайын бала міндетті түрде ауырады, деп жазды актриса.
Ол бұл тығырықтан қалай шыққанын да алға тартты.
Балалар жиі ауырмасын. Ұсақ-түйекті уайымдамасын, еркін, батыл өссе екен деген жолда көп іздендім. Мың сұрақтың жауабын бір кітаптан таптым десем, сенесіз бе?! Ол әйгілі В.Синельниковтың «Возлюби болезнь свою» кітабы еді. Осы кітаптаптан кейін өзіме де, өзгеге де басқаша қарайтын болдым. Көп жағдай реттеле кеткені рас, деді Әбдікәрімова.
Соңғы жаңалықтар





