Адамның мәдени өмірін музейсіз елестету мүмкін емес – Аида Балаева
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды халықаралық музейлер күні мерекесімен құттықтады.
Министр адамның мәдени өмірін музейсіз елестету мүмкін емес. Бұл тұлғаның рухани дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті.«Құрметті достар! Бүгін — Халықаралық музейлер күні. Бұл мереке 1978 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІІ Бас Ассамблеясының шешімімен белгіленді.Мерекені жыл сайын 150-ден астам елде, әртүрлі мәдениет пен халықтар мұрасын қастерлеп, оны көпшілікке насихат етіп жүрген музей мамандары атап өтеді.Мұражайлар біздің жадымыз бен тарихымыз ғана емес, бұл адамзат мәдениетінің, даналығы мен білімінің қоймасы», — деп жазды Facebook әлеуметтік желісіне.
Министрдің сөзінше, Ұлттық музей — елорданың халық ең көп келетін мәдени нысандардың бірі. Ашылғаннан бері оған 4 миллионнан астам адам, оның ішінде шет мемлекеттер мен үкімет басшылары, әлемнің жетекші компаниялары мен ұйымдарының өкілдері келген.«Қазақстанда 271 музей жұмыс істейді, оның 17-сі „республикалық“ мәртебеге ие.2023 жылы „Әзірет-Сұлтан“ мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығына „Ұлттық“ мәртебе берілді. Еліміздегі ҚР Орталық мемлекеттік музейі мен ҚР Ұлттық музейі тарихи-мәдени мұраны сақтау, оны насихаттау бойынша ауқымды жұмыстар істеп отыр. Қазақстан тарихы мен мәдениеті саласында іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асырып келеді.Орталық мемлекеттік музей қорында 272 мыңға жуық экспонат бар, оның 28154-і ұлттық мәдени мұра тізіліміне енген. Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне биыл 10 жыл толады.Оның қорында 220 мыңнан астам экспонат бар. Артефактілер арасында палеонтология, археология, қару-жарақтар, нумизматика, алтын және асыл металдар, сәндік және бейнелеу өнері коллекциялары бар», — деді министр.
«Еліміздің мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарының сақтаушысына айналған барша музей мамандарын мерекемен құттықтаймын! Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз бәріміз үшін өте маңызды және біздің қоғамды үлкен өзгерістерге жетелейді.Сіздер еліміздің бірегей әрі қайталанбас тарихыннан сыр шертетін ең құнды байлығын келешек ұрпақ үшін сақтап келесіздер.Сіздерге толайым табыс, сарқылмас күш-жігер мен мол игілік тілеймін», — деп жеткізді тілегін министр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
20:30
Оқушыларға зорлық-зомбылық пен құмар ойын сайтт...
11.11.2026
19:34
ҚазҰУ студентінің жұмбақ өлімі: Министр ҚазҰУ-д...
11.11.2026
18:51
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларына қатысты те...
11.11.2026
18:40
Ақтөбеде жасөспірімдерді тонаған күдіктілер 7 ж...
11.11.2026
18:15
«Қатысым жоқ»: Давид Лория әкесіне қатысты дауғ...
11.11.2026
18:14
Мәскеуде Тоқаевтың қатысуымен ҰҚШҰ басшыларының...