Ақтөбеде жасөспірімдерді тонаған күдіктілер 7 жылға сотталуы мүмкін

Ақтөбеде жасөспірімдерді тонаған күдіктілер 7 жылға сотталуы мүмкін

Ақтөбеде кәмелетке толмаған екі баланың мүлкін тартып алған күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға қалалық саябақтардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жасөспірім күш қолданатынын айтып қорқытып, құрдастарынан ұялы телефондар мен күртесін тартып алған.

Полиция күдіктілерді көп ұзамай анықтап, ұстады. Олар Ақтөбе қаласының 16 жастағы екі тұрғыны болып шықты. Екеуі де жергілікті колледждердің студенттері екені белгілі болды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар өз кінәсін мойындаған. Ал қолды болған заттар тәркіленіп, иелеріне қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыс дәлелденсе, күдіктілерге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу