"Әдейі қаққан": Полицей әйелін көлікпен қағып өлтірген іске қатысты жаңа дерек шықты
Алматы облысында әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Алматы облысында әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды
Қайғылы оқиға Алматы облысының Балқаш ауданы аумағында, Қапшағай – Бақанас тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы Дарина Қабдулданованы күйеуі — аудандық полиция бөлімдерінің бірінде басшы орынбасары қызметін атқаратын полицей қағып кеткен. Оқиға кезінде ол қызметтік көлікті тізгіндеп отырғаны айтылады.
Марқұмның туыстарының сөзінше, жол үстінде ерлі-зайыпты арасында жанжал туындаған. Кейін ер адам әйелін жол жиегінде қалдырып кетіп, артынша қайта оралған кезде қайғылы жағдай болған. Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмған.
Белгілі болғандай, Дарина Қабдулданова да бұрын полиция саласында қызмет еткен. Жұбайлар сол кезде танысқан екен.
Алматы облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.
«Әйелін қағып кетті деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға салдарынан әйел алған жарақаттарынан сол жерде мерт болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді ресми өкіл Ернар Сәйділдин.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Телеарна мәліметінше, марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалған.
Соңғы жаңалықтар