«Әйелі қазақша, өзі орысша білмейді» - Серікзат Дүйсенғазы туралы сыр
1454
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов «Жақсы адамдарым» бағдарламасында айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының әйелімен қалай танысқанын айтып берді.
Біз де жас болдық. Астанада «Баян» деген кафеде үнемі бас қосамыз. Бойдақ кезіміз. Бәріміз сол жерге қыздарымызбен келеміз. Бір күні Серікзат Айнұрды алып келді. Ол бірауыз қазақша білмейді. Солтүстік өңірінің қызы. Секең орысша білмейді. Айнұр көп сөйлемейтін. Бір күні сондай отырыстың бірінде Айнұр тұрып: «Серікзат, я пошла домой» деді. Досымыз да саспай: «Пошласы несі, қазір бірге пошла боламыз» деді. Отырған адамдар ду күлді. Біз «Қалай екеуің сөйлесесіңдер?» деп күлетінбіз, – деді Тұрсынбек Қабатов.Сондай-ақ ол Серікзат Дүйсенғазыны әйелдеріне еріп, орысша сөйлеп кететін ер-азаматтарға үлгі етті.
Көп ер-азамат Серікзаттан үлгі алса екен деймін. Әйеліне еріп, орысша сөйлеп кетпей, жарын қазақша сөйлетіп жіберді. Қазір Айнұр қазақшаны Серікзаттан да артық біледі. Балалары да сондай тәрбиелі, қазақша ғана сөйлейді, – деді әзілкеш.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
04.10.2026
11:25
Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқыт...