Әйгілі Ален Делон жеке поместьесінде 35 итінің жанына жерленеді
Әлемге әйгілі актер Ален Делон өз өсиеті бойынша, Франциядағы 35 иті көмілген жеке поместьесіне жерленеді, деп хабарлады politico.kz РБК порталына сілтеме жасап.
Француздық БАҚ жерлеу рәсімі апта ортасында, Souls коммунасында орналасқан Ален Делонның жеке поместьесінде өтетінін хабарлады. Рәсім құжатта жазылғандай, шағын шіркеуде «аса құпия жағдайда» өтуге тиіс. Өйткені актер көзі тірісінде оның жария болуын құптамаған. Ал жанкүйерлері мен әріптестері қатыса алатын қоштасу рәсімі кейінірек өтеді.
Еске сала кетсек, атақты француз актері Ален Делон 18 тамызда, 88 жасында дүниеден өткен еді. Оның дүние салғанын француз ақпарат құралдары хабарлады.
Ален Делон – 60-80-жылдары жарқырап шыққан театр және кино актері, сонымен қатар режиссер, продюсер және сценарист. Ол «Рокко және оның бауырлары», «Самурай», «Қаладағы екеу» фильмдеріндегі рөлдерінің арқасында кең танылды. «Біздің оқиға» фильмі үшін «Сезар» сыйлығының және Халықаралық Берлин кинофестивалінің құрметті иегері атанды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.11.2026
12:22
«Университет беделі адам өмірінен маңызды емес...
28.11.2026
11:13
«Мәсімовтің туысымын» деп жүздеген мың доллар а...
28.11.2026
10:23
Астанада көктайғақ салдарынан 100-ден астам жол...
28.11.2026
09:37
Бес адам қаза тапқан өрт: Алматыда зардап шекке...
28.11.2026
01:19
Францияда полиция шашқан газдан кейін 15 әйел т...
28.11.2026
00:35
Мақаншыда ауруханада қайтыс болған әжейдің қызд...