Бес адам қаза тапқан өрт: Алматыда зардап шеккен балалар туралы тың мәлімет шықты

Бес адам қаза тапқан өрт: Алматыда зардап шеккен балалар туралы тың мәлімет шықты
Видеодан кадр

Алматыдағы өрттен зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz агенттігі “КТК” телеарнасына сілтемемен.

Алматыда бес адамның өмірін қиған алапат өрт кезінде тағы жеті адам зардап шекті. Олардың төртеуі – балалар. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берді.

Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні болған. Жеке тұрғын үйден шыққан өрт әп-сәтте бүкіл ғимаратты шарпыған. Үйде 17 адам тұрған. Алайда олардың бесеуі, оның ішінде бір бала, тілсіз жаудан құтыла алмады.

Өрт кезінде тағы жеті адам зардап шеккен. Дәрігерлер тексергеннен кейін үш ересек адам мен екі баланы үйлеріне жіберген. Ал екі кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалардың бірі иіс газынан уланған. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Қазір оған қажетті ем-дом толық көрсетілуде.

Ал бес жастағы екінші бала тыныс алу жолдарының инфекциясы белгілерімен балалар инфекциялық ауруханасына ауыстырылған.

Еске салайық, Алматыдағы өрт салдарынан бес адам қаза тапқан еді. Қазір өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Ал өрттен баспанасыз қалған тоғыз адам уақытша қонақүйге орналастырылған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу