Айгүл Иманбаева Америкада жолықтырған күйеуінен мәһр сұраған
1007
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева «Мамски әңгімеге» сұхбат беріп, тұрмысқа шыққанын өз аузымен растады. Ол күйеуін Америкаға оқуға барғанда жолықтырған.
Мен күнделік жазамын. Күйеуімнің ойынан бастап, бойына дейін қандай адам болатынын жазып қойғанмын. Дәл сол орындалып кетті. Үнемі таныстарыма «Менің тойым шетелде болады. Төлқұжаттарыңды дайындаңдар» деп айта беруші едім. Сол да орындалайын деп тұр. «Болашақпен» оқуға кетіп бара жатқанда өмірімде ол адам болмады. Англияға барғанда, ағылшыншам өте нашар болды. Айналам – тек ағылшынша сөйлейтін адамдар. Ол кезде қайдан жігіт ойлайсың?! Сабаққа баспен кірдім, - дейді Айгүл Иманбаева.Айтуынша, күйеуі 10 жылдан бері Америкада тұрады екен. Ажырасқан жігіт. Қызы Лондонда оқиды.
Тағдырымыз ұқсас болып тұр. 1977 жылы дүниеге келген. Найман руының жігіті. Бірақ менен 6 ай ғана кіші. Ортақ достарымыз арқылы таныстық. Ең алғаш көргенде «мына жігітті 15 жыл бұрын түсімде көрдім» дедім. Телефон алмастық. Менің әртіс екенімді білмейтін болып шықты. ҚазҰУ-дың филология факультетін бітірген. Мен журналистика мамандығында оқығанмын. Екінші мамандығы – ІТ саласы. Бірақ Алматыда кездеспеппіз, - дейді актриса.Олар Жаңа жылды Лондонда қарсы алған. Айгүл Иманбаеваның ұлы мен келіні, жаңа күйеуінің қызы да бірге болған.
Сол кезде баламмен ресми таныстырдым. Күйеуім ұсыныс жасағанда, «Асека, мен не істеймін?» деп ұлыма бірінші хабарластым. Оның да жанына менің жалғыз жүргенім бататынын сезетін едім. «Мама, оның бойында ешқандай комплексі жоқ. Өзіне не қажет екенін біледі, ақыл тоқтатқан, білімді адам. Маған Ерлан аға ұнайды. Бақытты болыңыз» деді. Содан Америкада палестиналықтардың мешітінде некеміз қиылып, бас қостық. Қазіргі тапқан адамым – мәңгілік махаббатым. Саналы түрде шешім қабылдадым, - дейді ол.Неке қиылған күні күйеуінен мәһрге көлік сұрапты. «Қазақша той жасағың келе ме?» дегенде оған өзі қарсы болған. Бірақ құдалық өтіп, орамал салып, келіншай бергенін де жасырмады. Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva
Соңғы жаңалықтар
05.07.2026
17:26
Болат Назарбаевтың өгей ұлы АҚШ-тағы зәулім үйд...
05.07.2026
16:21
Жезқазғанда былтыр ғана төселген асфальт бір жы...
05.07.2026
15:21
Маңғыстауда Бекет атаға бара жатқанда жоғалған ...
05.07.2026
14:13
Атырауда қала әкімінің міндетін атқарушы 100 мл...
05.07.2026
13:08
Бекет ата мешітіне жолға шыққан бір отбасының ү...
05.07.2026
12:16
Қазақстанның бас мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» ат...