"Әкелеріне ұқсаған екен": Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы ұлдарын көрсетті

"Әкелеріне ұқсаған екен": Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы ұлдарын көрсетті
Фото: коллаж politico.kz

Белгілі актер Олжас Абайдың бұрынғы жары Аймира Аман әлеуметтік желідегі парақшасында ұлдарының видеосын жариялап, көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Аймира Аман балаларының есейіп, өз талғамдары қалыптасып келе жатқанын әзіл-шыны аралас жеткізді:

«Бұл екі жігітке де көңіл бөлу керек. Сұлулықты, әдемі күлгенді жақсы көреді. Шаш үлгілерінің қандай болу керектігін де өздері таңдайды. Оңай жігіттер емес енді, ойбой-ой! Жарық дүниелерім», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары балаларға жылы лебіздерін білдіріп, олардың түр-келбетін талқыға салды. Оқырмандар «Әкелеріне ұқсаған екен», «Үлкені әкесіне, кішкентайы анасына ұқсайды», «Егіздер сияқты тәтті балалар екен», «Бақытты болсын», «Түрі ұқсаса да мінезі ұқсамасын» деп пікір қалдыруда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу