Семейде TikTok-та боқтаған әйел жындыханаға жатқызылды

Семейде TikTok-та боқтаған әйел жындыханаға жатқызылды
Фото: Абай облысы полициясы

Семейде TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан 53 жастағы қала тұрғыны психикалық денсаулық орталығына мәжбүрлі түрде жатқызылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, ішкі істер министрлігінің құқыққа қайшы контенттің жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмысы аясында кезекті заңбұзушылық анықталған. Мониторинг барысында полицейлер тікелей эфирде көпшілік алдында балағат сөздер айтқан әйелдің бейнежазбасын тіркеді.

Тәртіп сақшылары құқықбұзушының жеке басын жедел анықтады. Ол Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, азаматша бұған дейін де осындай әрекеті үшін жауапкершілікке тартылған – тамыз айында сот шешімімен оған әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалған еді.

Бұл жолы полиция қызметкерлері жедел жәрдем бригадасымен бірге әйелдің тұрғылықты мекенжайына барды. Сонымен қатар, онымен бірге тұратын азаматтан да шағымдар түскені белгілі болды. Тексеру нәтижесінде әйел үш ай мерзімге психикалық денсаулық орталығына мәжбүрлі емдеуге орналастырылды.

Абай облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде қоғамдық тәртіпті бұзу және әдепсіз әрекеттер жасау заң аясында қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу