"Әкем есірткіге отырғызып, мұрамды тартып алды": Төлеутай Рақымбековтың қызы Тоқаевтан көмек сұрады

АУЫЛ ПАРТИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ АСЫРАНДЫ ҚЫЗЫ ТОҚАЕВТАН КӨМЕК СҰРАДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛЫ.
TikTok әлеуметтік желісінде Айбота Рақымбекованың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған видеоүндеуі тарап жатыр. Ол өзі мен баласының өміріне араша сұрап, Президент Әкімшілігі басшысы мен Бас прокурордың жеке қабылдауын талап етеді. Үндеу авторы өзін «АУЫЛ» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбековтың асыранды қызы ретінде таныстырып, оған ауыр айыптар тағуда.
Айбота Рақымбекованың айтуынша, әкесі «қамқор әке рөлін ойнап», оны есірткіге отырғызған. Кейін оның дәрменсіз әрі тәуелді халін пайдаланып, заң бойынша тиесілі мұрадағы үлесін, мүліктің 1/3 бөлігін заңсыз тартып алған. Азаматшаның сөзінше, құжаттарға қол қою кезінде оның есірткілік масаң күйде болғаны қылмыстық іс аясында жүргізілген кешенді сот-медициналық және сараптамалармен расталған.
Алайда, Рақымбекова негізгі кінәні прокуратура органдарына артады. Ол дәлелдердің бола тұра, қала прокуроры Ерлан Өтегенов пен аудан прокуроры Ерденбек Тоқбаевтың үш жыл бойы тергеуді қасақана созып, істі сотқа жібермей отырғанын мәлімдейді. Сондай-ақ, ол Бас прокурор Берік Асыловтың жеке қабылдауына кіре алмай жүргенін, тіпті Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаевтың қабылдауында болса да, мәселесінің шешілмегенін айтады.
Айбота Рақымбекованың бұл үндеуі бірінші рет емес. Бұрын да ол әлеуметтік желілерде өз мәселесі туралы хабарлап, көмек сұраған болатын.
@aybota_rakhim Қасым-Жомарт Тоқаев Прошу Вас!!!! Дайте прямое указание администрации президента и генеральному прокурору РК Асылову Б.Н. ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК, чтобы меня приняли лично и дали мне возможность, предоставить им, имеющиеся в уголовном деле все документы и доказательства @Aqorda 🇰🇿 ♬ оригинальный звук - Aybota Rakhimbekova
Соңғы жаңалықтар





