Әкесінің інілері зорлаған қызға қатысты жаңа дерек шықты
2325
Әкесінің ағаларынан алты жыл бойы қорлық көрген 12 жасар қыз тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырылды.
Бұл туралы Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 17 қыркүйекте анықталған.
"Жағдайдың егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау мақсатында облыс тарапынан жұмыс тобы құрылды. Жасөспірім тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырылды. Оны медициналық-әлеуметтік есепке алу туралы шешім қабылданды. Өз кезегінде, облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары зардап шеккен қызға жан - жақты көмек көрсетеді", - деді облыстық басқармасы.
Қазіргі уақытта зорлық көрсеткен бір күдікті ұсталды.
Мойынқұм ауданының аумағында ҚК 120-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты зорлау әрекетін жасау) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде болған ер адам ұсталды. Ол Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан табылды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген полиция хабарламасында
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
15:27
«Өз киімімді өзіңмен бірге жерлеймін»: Каспийде...
28.09.2026
15:14
Асхат Тарғын: Сүт алуға да ақша таппай қалған к...
28.09.2026
15:10
«7 ай бойы үндемедік»: Жамбылда қайтыс болған о...
28.09.2026
15:00
«Бір күнде екінші рет»: Алматыда тағы да жер сі...
28.09.2026
14:23
«Сахнадан қуылған соң тойға шықты»: Ресми айтыс...
28.09.2026
14:22
Елден шығарылған әйел 900 мың теңге төлеп, Қаза...