Ақтауда тұрғын үй ауласында көлік өртеніп, газ баллоны жарылды

Ақтауда тұрғын үй ауласында көлік өртеніп, газ баллоны жарылды
Видеодан кадрлар

Ақтауда тұрғын үй аулаларының бірінде Hyundai Elantra автокөлігінде өрт шығып, газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті.

Оқиға 12 қарашада қаланың 27-шағынауданында болған. Сағат 11:46-да құтқарушыларға автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің газ баллонды жабдығы жарылған. Автокөліктің ішінде көлемі 45 литрлік газ баллоны болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды 12 минут ішінде, яғни сағат 11:58-де толық сөндірген.

Оқиға салдарынан 1988 жылы туған ер адам зардап шекті. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне беті, мойны және екі қолы күйіп түскен.

Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп, әрі қарай ем қабылдау үшін ауруханаға жатуды ұсынған. Алайда ер адам одан бас тартқан.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу