Астанадағы шашылған долларлар: Атырауда видео жариялаған белсендінің үйіне полицейлер келді

Астанадағы шашылған долларлар: Атырауда видео жариялаған белсендінің үйіне полицейлер келді
Видеодан кадрлар

Атыраулық белсенді Астанада долларлардың шашылған видеосын жариялағаннан кейін полицияға шақырылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Атыраулық белсенді Нұрлан Жүнасoв Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің маңында шашылып жатқан долларлардың видеосын әлеуметтік желіде жариялаған. Осыдан бірнеше сағат өткен соң оның үйіне полиция қызметкерлері келген. Бұл туралы белсенді Instagram парақшасында хабарлады.

Ол полиция қызметкерлерімен болған әңгіменің видеосын жариялаған. Кадрларда өзін полиция майоры Анарбек Дешенов деп таныстырған азаматпен сөйлескені көрінеді. Белгілі болғандай, келген тәртіп сақшылары Астана қаласының полиция департаментінен болған.

Әңгіме барысында полицейлер белсендіден таңертең жариялаған, тұрғын үй кешенінің жанында шашылып жатқан долларлар түсірілген видеоға қатысты сұрақ қойған. Кейін олар Нұрлан Жүнасoвқа полиция департаментіне бірге баруды ұсынған.

Алайда көп ұзамай белсенді өзінің босатылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері оған ақпаратты қандай да бір полицей жеткізіп отыр деп ойлаған.

«Олар маған ақпаратты әлдебір полицей беріп жүр деп ойлаған», – деді белсенді.

Айта кетейік, соңғы күндері «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Орыншиевтің ұсталғаны туралы ақпарат қоғамда қызу талқыланып жатыр. Астанадағы тұрғын үй кешенінің маңында шашылған долларлар түсірілген видео да осы оқиғалар аясында назар аудартты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу