Мұхтар Шахановтың кесенесі аяқталуға жақын: сәулетші құрылыс барысын көрсетті
Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың кесенесінің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы сәулетші Ермұханбет Әлиев хабарлап, құрылыс барысын көрсететін бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Сәулетшінің айтуынша, кесененің негізгі құрылысы біткен. Қазір ою-өрнек жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Мұхтар Шаханұлы атамыздың кесенесі бітуге жақындап қалды. Негізгі құрылысы аяқталды, енді ою-өрнек жұмыстарына кірістік. Бұл – Мұқаңның өзіне арнайы жасалған ерекше жоба. Құрылыстың өзіндік ерекшеліктері көп. Соның бірі – кесененің айналасына келушілер отыратын орындықтарды ақ тастан тұтас етіп жасадық», – деді Ермұханбет Әлиев.
Оның айтуынша, кесене Мұхтар Шахановқа арнайы әзірленген сәулеттік жоба бойынша салынып жатыр.
Еске салайық, белгілі ақын, драматург әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов биыл 19 сәуірде дүниеден өтті. Оның қайтыс болғанына жақында 7 ай толады.
Халық жазушысы Түркістан облысы Отырар ауданындағы Қоғам ауылының зиратына жерленген.
Соңғы жаңалықтар