Екібастұзда теміржол қызметкерін жүк вагоны басып кетті
Павлодар облысының Екібастұз қаласында теміржол стансасының қызметкерін жүк вагоны басып кетті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қаза тапқан адам стансада вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші болып жұмыс істеген. Оқиғаның нақты қалай болғаны әзірге белгісіз.
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, 10 қарашада Павлодар стансасындағы полиция бөлімі теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Қазір оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар вокзалында пойыздың астына түсіп, аяғынан айырылған ер адамның қайтыс болғаны хабарланған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
21:48
Мұхтар Шахановтың кесенесі аяқталуға жақын: сәу...
11.11.2026
21:22
Мәскеудегі саммитте Арменияға қатысты күтпеген ...
11.11.2026
21:13
Екібастұзда теміржол қызметкерін жүк вагоны бас...
11.11.2026
20:59
Тоқаев Мәскеуде терроризм, есірткі және жасанды...
11.11.2026
20:30
Оқушыларға зорлық-зомбылық пен құмар ойын сайтт...
11.11.2026
19:34
ҚазҰУ студентінің жұмбақ өлімі: Министр ҚазҰУ-д...