Алатауда Мансап орталығының екі қызметкері сотталды

Алатауда Мансап орталығының екі қызметкері сотталды
Фото: Depositphotos.com

Алматы облысының Алатау қаласында жұмысқа жалған орналастыру арқылы бюджеттен 6 млн теңге жымқырған төрт адам сотталды. Олардың екеуі – қалалық Мансап орталығының қызметкерлері, деп хабарлайды Politico.kz.

Алатау қаласы прокуратурасының мәліметінше, 2025–2026 жылдары Мансап орталығының екі қызметкері екі жеке кәсіпкерде жұмыс істемеген адамдарға мемлекет есебінен жалақы төлеуді ұйымдастырған.

Бұл заңсыздық прокуратураның Мансап орталығын тексеруі кезінде анықталған. Мемлекетке 6 млн теңге залал келген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен («Алаяқтық») сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сот төрт адамды кінәлі деп танып, әртүрлі жаза тағайындады. Оның ішінде екі лауазымды тұлға мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторда белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Мемлекетке келтірілген 6 млн теңге залал толық өтелді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу