Әл-Фарабидегі жол апаты: Марқұм жүргізушінің әкесі сотта не айтты
1226
Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апаты бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Бүгін сотта жол апатынан мерт болған Mercedes жүргізушісі марқұм Еламан Тілемесовтің әкесі Қанат Тілемесов жәбірленуші ретінде жауап берді.
Ол Пакқа қатысты ешқандай талап-арызы жоқ екенін айтып, кешіргенін жеткізді.
«Біз кешірім бердік. Заңда қалай көзделсе, солай болсын», – деді Тілемесов.
Ал сотталушы Александр Пак сот залына келмей, процеске онлайн қосылды.
Осы жолы сотта Александр Пакпен бірге апат алдында мейрамханада болған полиция қызметкері Әсет Жақсылықовтан жауап алыну керек еді.
Алайда онлайн қосылған Жақсылықов адвокатының қазір процеске қатыса алмайтынын айтып, жауап алуды кейінге қалдыруды сұрады.
Бұған дейін үш жәбірленуші тарап та Пакқа кешірім бергені еді.
Сондай-ақ сот отырысы барысында Пак кінәсін толық мойындады.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
22:36
Болливуд фильміндегідей: Жақын құрбылар туған а...
15.09.2026
22:22
Алматыда прокурордың қатысуымен болған шулы оқи...
15.09.2026
21:47
Азамат Омаров кінәсін мойындап, тергеумен мәміл...
15.09.2026
21:09
Профессор: Алматыда 2,5 млн жалақы алатын ғалым...
15.09.2026
20:49
"Не Найман, не Жалайыр емессің". Мақсат Халық ө...
15.09.2026
20:36
Дастан Сатпаев жарақатына байланысты Қазақстан ...